ru | kz
Файл 50 МБ аспау тиіс

Жоба туралы

Бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік және экологиялық мәселелер жетерлік. Бірақ оған бей-жай қарамайтын жастардың да саны аз емес, оларда республиканың түрлі аймақтарындағы экологиялық мәселелерді нақты шешуге бағытталған идеялар бар. «3.2.1. Старт!» жобасы 17 мен 22 жас аралығындағы жастарға, яғни айналамызды жақсарту үшін күш салуға дайын колледж, ЖОО студенттеріне, жас мамандарға арналып жасалған.

Қатысушылар

Жобаның әр қатысушысы өзін бүкіл Қазақстанға танытуға, тәжірибелі кәсіпкерлермен тәлімгерлік бағдарламасын өтуге және қоғамның дамуына өз үлесін қосуға шынайы мүмкіндігі бар.

 

Үш ай бойы білікті қазылар түскен өтінімдерді қарастырып, ағымдағы жылдың маусым айында ақтық сайысқа жолдама алатын 10 қатысушыны таңдап алады. Олармен бірге презентациялық дағдылар, бизнес-жоспар құру және т.б. тақырыптарда вебинарлар өткізіледі.

 

10 үздік жобаны қорғау 2017 жылдың маусым айында Астанада қаласында өтетін болады. Презентация қорытындысы бойынша 3 үздік бизнес-идея таңдалып алынып, оларды жүзеге асыруға «CCI Kazakhstan» компаниясы инвестиция бөледі. Сонымен қатар қазылар әлеуметтік маңызы бар бірнеше жобаларды қосымша ынталандыруға да мүмкіндік береді.

Байланыс

COCA-COLA ALMATY BOTTLERS
Телефон:+7 705 575 21 75
E-mail: faringis.bekmaganbetova@cci.com.kz
Қазақстандағы Орталық Азияның Еуразия Қоры
Телефон: +7 (727) 250-18-10
E-mail: almaty@ef-ca.org, andrey@ef-ca.org
ROCK OF [AI]
Телефон: +7 777 221 07 91
E-mail: aigerim@rockof-ai.com

Новости

Жобаға қатысамын деушілердің назарына!

Астана
14 сәуір 2017 жыл

Бейне-жолдауды сайтқа жүктеп салу мүмкін болмаған жағдайда, бейнеролик пен сауалнаманы «Байланыс ақпараттары» бөлімінде көрсетілген электрондық мекенжайларға жіберуге болады. Хатқа тіркелген файлдың өлшемі 50 МБ-дан аспағаны жөн.

  1. faringis.bekmaganbetova@cci.com.kz
  2. andrey@ef-ca.org
  3. aigerim@rockof-ai.com

Конкурсқа қатысушылардың өтініші бойынша «3.2.1. Старт!» жобасы өтінімдерді қабылдау мерзімін 2017 жылғы 28 сәуірге дейін ұзартады

Астана
11 сәуір 2017 жыл

Сонымен қатар, осы күндерде жобамыздың ұйымдастырушылар комитетінің өкілдері жастармен кездесулер өткізіп жатыр.Біз сіздермен бірге айрықша әлеуетке ие, белсенді жастардың тұтас қауымдастығын құра аламыз. Осы әлеует барлығымыздың өмірімізге оң әсер беретініне сенімдеміз.

Іс-шара Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ақтбе, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Атырау қалаларында өтті..

Бізбен бірге болыңыздар!

Қазақстанда жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдауға бағытталған жоба бастау алады

Астана
16 наурыз 2017 жыл

CCI Kazakhstan компаниясы «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатымен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және де «Орталық Азияның Еуразия қоры» (ОАЕҚ) қоғамдық ұйымымен бірге нақты әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу мен республиканың түрлі өңірлеріндегі туризмді дамыту жолындағы жастардың бастамаларын анықтап, қолдауға бағытталған кең ауқымды «3.2.1. Старт!» жобасын қолға алмақшы.

Жобаның басты мақсаты – өңірлердегі аса өзекті мәселелерді анықтап, олардың шешімін табуға тырысумен қатар, жастарды кәсіпкерлік, әлеуметтік жобалау мен жоспарлау негіздеріне үйрету.

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында көрсетілгендей, жастардың әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерге толыққанды қатысуы мемлекеттің, азаматтық қоғам институттары мен бизнес-қоғамдастықтардың өзара әрекеттестігі негізінде қамтамасыз етіледі. Сол себепті біздің компания жастар ұйымы, мемлекеттік секторлар мен бизнес өкілдерін біріктірген жобаны жүзеге асыруға өз ынтасын білдірді. Олар тек білікті жюри рөлін ғана емес, сонымен қатар жетекші рөлін де бірге алып жүреді», - деп атап өтті CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік және мемлекеттік қатынастар бөлімінің директоры Алима Исембаева.

«3.2.1.Старт!» жобасының шеңберінде 17 мен 22 жас аралығындағы жастарға (колледж, ЖОО студенттері, жас мамандар) кәсіпкерлік қызмет арқылы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру тәжірибесінде нақтылы көмек көрсетіледі. Өз өңіріндегі мәселені шешуге ат салысуға ынталы белсенді азаматтық өмір салтын ұстанатын кез-келген жас адам жоба сайтына (www.321.the-steppe.com) өтінім жіберу арқылы жоба қатысушысы атана алады. Өтінімдер 2017 жылдың 16 наурызынан бастап 17 сәуірге дейін қабылданатын болады.

Жобаның екінші кезеңінде Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП-нің және CCI Kazakhstan компаниясының өкілдерінен тұратын комиссия конкурсты жалғастыратын 10 өтінімді іріктеп алады. Бұл кезең ағымдағы жылдың 24 сәуіріне дейін жалғасады.

«Әрине, іріктеу кезінде мәселенің маңыздылығы және қажеттілігі секілді критерийлерге және де мәселені шешуге ұсынылған шынайы мүмкіндікке сәйенетін боламыз. Яғни, идея қанша жақсы болғанымен, оны шешуде жұмыс істейтін механизмі ұсынылмайтын болса, жоба мақұлдаудан өтпейді. Осылайша, еліміздің түрлі салаларын жақсартуға зор үлес қосқымыз келеді. Бұл ретте идея туындаған сәттен оның жүзеге асырылуына дейін көлденең сызық сыза отырып, бастамашыл жастарды стратегиялық ойлауға үйрету де маңызды», – деп нақтылады ОАЕҚ атқарушы директоры Ринад Темірбеков.

Сәуір айының соңынан бастап 30 мамырға дейін жартылай финалистерге презентация, проджект-менеджмент, бизнес-жоспар құру және т.б. шеберліктерді үйретуге арналған бірнеше вебинарлар өткізіледі. Сонан соң, 2017 жылың 30 мамырында конкурсқа қатысушылар өз жобаларын кеңінен таныстыру үшін шақыртылатын болады. Осы турдың қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз анықталады және оларға жобаны жүзеге асыру үшін 1 миллион теңге дейінгі мөлшерде грант бөлінетін болады. Осы қаражатқа қажетті инвентарь мен жабдықтар сатылып алынатын болады. «Орталық Азияның Еуразия қоры» үйлестіру жұмыстарын жүргізетінін және оның өкілдері үш жеңімпаз жобаны басынан бастап соңғы есепке дейін сүйемелдеуді қамтамасыз ететінін атай кету керек. 2017 жылдың қараша айында қорытынды презентация өткізіліп, жобаның бірінші нақты нәтижелері көпшілікке таныстырылатын болады.

Ұйымдастырушылар «3.2.1. Старт!» жобасын жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның ластануы, су және өзге де табиғи қорларды мақсатсыз пайдалану, экожүйенің бұзылуы, шаруашылықты қараусыз жүргізу және сол сияқты көптеген мәселелерді шешуге жастардың қызығушылығына артатынына сенім білдіреді. Болашақта жоба әлеуметтік саладағы адами, ақпараттық, интеллектуалдық, материалдық және басқа да ресурстарды көбейтуге, лайықты мамандарды дайындауға және инновацияларды ендіруге бағытталады деп күтілуде.

Толығырақ ақпарат алу үшін мына байланыс ақпараты бойынша хабарласыңыз:
Айгерим Байжуманова
+7 777 221 0791
aigerim@rockof-ai.com

Тел: +7 (727) 250-18-10
E-mail: almaty@ef-ca.org, andrey@ef-ca.org
Тел.: +7 705 575 21 75
E-mail: faringis.bekmaganbetova@cci.com.kz

Тел.: +7 777 221 07 91
E-mail: aigerim@rockof-ai.com
Дождитесь загрузки ...
ВАША ЗАЯВКА УСПЕШНО ПРИНЯТА!